«Сапа менеджменті жүйесінің жаңа бағыты туралы атап өту өте маңызды, яғни бұл қызметкерлер құрамын сертификаттауға байланысты. Бұдан бұрын осындай сертификаттау болмайтын. Біз түрлі салалар бойынша қызметкерлер құрамын сертификаттау тұрғысында ISO стандарттарын енгізудеміз. Бұл қызметкерлер біліктілігін дәлелдейді. Ұлттық аккредиттеу орталығында ISO 17024 стандарты талабы бойынша тиісті ұйымдар аккредитациядан өтуде. Қызметкерлер біліктілігін, білімін дәлелдеп, түрлі тестілерді тапсырады. Осыдан кейін жеке адамға сертификат беріледі. Сонымен қатар сапа менеджменті сертификаты бар, ол ұйымға беріледі, ал бұл сертификат әрбір адамға жеке тапсырылады», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, қызметкерлер құрамын сертификаттау азаматтың өз еркімен жүргізіледі. «Сертификаттау халықаралық талаптарға сәйкес болғандықтан, біз адамдарды мәжбүрлей алмаймыз. Бізде 2-3 орган аккредиттеуден өтті», - деді Ғ. Доғалов.
Сөз соңында ол Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында және Еуразиялық экономикалық одақ бойынша түрлі бағыттарда сертификаттау жүргізу қазақстандық кәсіпорындар үшін басымдықты болып табылатындығын атап өтті.