«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Осыдан бір жыл бұрын, біздің «Қазлегпром» фабрикасына келгеніңізде, Сіз бізге халық үшін модельді аяқ киімнің жаңа өндірісін құруды тапсырдыңыз. Сіздің тапсырмаңыз орындалды! Бүгін итальяндық технология бойынша сұрыптамасы кең аяқ киім өндірісі іске қосылуға дайын. Ал жобаның орындалуы қазақстандық аяқ киім нарығындағы импортты алмастыруды қамтамасыз етеді.
Құрметті Елбасы, ұжымымыздың атынан Сіздің отандық жеңіл өнеркәсіпті қолдауыңыздың жеке үлгісіне және еліміздің Сіз жүргізіп жатқан Индустрияландыру саясатына зор ризалығымызды білдіреміз», - деді «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның директоры Айбек Бектұрғанов.
Осыдан кейін Мемлекет басшысы зауыт жұмысының басталуына рұқсат берді.