185 миллиард теңге көлеміндегі қаражат 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге 3% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі.
«Өздеріңіз білетіндей, Үкімет қаулысымен біз қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге сұрыптап жинау бойынша инфрақұрылымды дамытуға шамамен 185 млрд теңге бөлеміз. Бүгінгі таңда шамамен 232 млрд теңгеге 94 жобадан тұратын пул құрылды. Бұл жұмыс 2 кезеңге бөлінеді. Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы бірінші кезеңге шамамен 125 201 млн теңгеге 30 компания өтті, олар қаржыландыру үшін өз құжаттарын жинап жатыр. Оның ішінде 79 929 млн теңгеге 14 өңдеу кәсіпорны, 49 109 млн теңгеге – 10 қоқыс сұрыптау кешені және 1 163 млн теңгеге – 21 арнайы техника сатып алу бойынша 6 кәсіпорын бар», - деді «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов.
Олардың қатарында жалпы сомасы 104 млрд теңгеге зауыт құрылысы, электр қуатын өндіретін, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу техно-экопаркі (Алматы облысы), қағаз және картон өндіру зауытының құрылысы (Алматы қ.), шыныны кәдеге жарату және қайта өңдеу желісі бар шыны ыдыстарды шығару зауытының құрылысы (Қызылорда қ.) жобалары бар.
«Біз бұл жобаларды толыққанды жүзеге асырамыз деп үміттенеміз», - деп толықтырды Нұржан Қабдолданов.