Оның айтуынша, жоспар медициналық қызметтер тізбесін кеңейтуді, оның ішінде гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялауды ескере отырып, мемлекеттік саясатты жетілдіруді көздейді.
– Қан компоненттерін сапалы әрі қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ету үшін донорлық қанға екі кезеңді скрининг енгізілді. Сонымен қатар оның компоненттерін өңдеудің заманауи әдістері қолданылады, оған қоса инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздікке бақылау күшейтілді, – делінген құжатта.
Бұдан бөлек, Үкімет басшысы елімізде бүгінгі күні қауіпсіздік пен сапаның заманауи талаптарына сәйкес келетін қан қызметінің орталықтандырылған және стандартталған моделі қалыптасқанын атап өтті.
– Қазіргі уақытта республика бойынша қан қызметінің 19 ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 2 республикалық, 15 облыстық және 2 қалалық ұйым бар, – деп толықтырды Олжас Бектенов.
Айта кетейік, ақпан айында 18 мыңға жуық қазақстандық қан доноры болды.
Сонымен қатар СҚО-лық донор үш пациенттің өмірін сақтап қалды.
Сондай-ақ елімізде донорлыққа келісімін бергендердің саны 3 есеге жуық өсті.