Қазақстанда қан талдауының орташа бағасы 1500 теңгенің төңірегінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қараша айында Қазақстанда ақылы түрде тапсырылатын жалпы қан талдауының орташа бағасы 1590 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статбюро мәліметіне сенсек, бұл ретте жалпы қан талдауының ең арзан бағасы Талдықорғанда тіркелген – 904 теңге.

Ал ең қымбаты Өскеменде - 1944 теңге.

Басқа өңірлер бойынша гемоглобин деңгейін тексеру Тараз (1927 тг), Көкшетау (1855 тг), Қарағанды (1835 тг), Алматы (1704 тг) және Түркістан (1677 тг) қалаларының тұрғындарына қымбатқа түседі.

Қалғандарында анализ бағасы 1100-1600 теңге аралығында.