«Бүгінде біздің донорлардың негізгі үлесі өтеусіз болып табылады. ДДСҰ-ның ұсыныстарына сәйкес, донорлықтықты ұйымдастыру талаптарының бірі - оны ақысыз түрде жүзеге асыру. Қазіргі кезде Қазақстанда донорлардың 90 пайызы қанды ақысыз тапсырады. Ал 10 пайызын «кадрлық донорлар» деп атаса болады. Осыған байланысты қанның кейбір компоненттеріне өндірістік қажеттіліктің болуына орай, біз кей мезгілде қан тапсыру үшін донорларды тартуға мәжбүрміз. Қазақстанда донорлық ақылы болатындай уәждеме бізде жоқ», - деп тоқталды орталық директоры.
Оның айтуынша, қазіргі кезде донорлықты ұйымдастырудың ұлттық салалық бағдарламасының жобасы әзірленді. «Біз үшінші жыл қатарынан ДДСҰ-мен бірге ауқымды жұмыстарды атқарудамыз. Осы бағытта үлкен әлеуметтік сауалнама жүрігізіп, талдау жасалды. Бүгінде Донорлықты ұйымдастыру бойынша ұлттық салалық бағдарламаның жобасы әзірленді. Жыл соңына дейін оны Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің қарауына ұсынамыз. Осы орайда министрлік оны қабылдау үшін Үкіметтің қарауына ұсынады деп үміттенемін», - деді Ж. Бүркітбаев.