Онда еліміздегі мемлекеттік басқарудың, экономика және әлеуметтік дамудың канадалық үлгірлерін қолдану мәселелері талқыланды.
«Жер шалғайлығына қарамастан Қазақстан мен Канадамен арадағы байланыстар өте жоғары деңгейде даму үстінде. Мәселен, осы уақытқа дейінгі екі елдің арасындағы сауда-саттық көлемі 6 млрд. долларға жуықтаған. Соңғы уақытта бұл байланыстардың төмендегені байқалады. Әрине, ол ең бірінші кезекте мұнай өндіру көлемінің кемуіне тікелей байланысты. Дегенмен, елдеріміз арасында ауыл шаруашылығы және өзге салалардағы байланыстар қарқын алуда», - деді шараға қатысқан Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайл.
Сонымен қатар Елші бүгінгі конференция тақырыбына да тоқтала келе, Канаданың мемлекеттік басқару ісіндегі көптеген үлгілері қазақ елінде де қолданылып жатқанын атап өтті.
Конференция қатысушыларының айтуынша, Қазақстан мен Канаданың география, ауа райы, табиғи қорлар сияқты ортақ ұқсастықтары бар. Ал бұл жайт екі елдің арасындағы тау-кен өнеркәсібінде, энергетика, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларында байланыс көпірін нығайтуға жол ашады.