10:56, 21 Ақпан 2023
Қазақстанда қанша электромобиль бар
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде электромобильдер саны айтарлықтай артып 65% құрады. Алайда бұл көрсеткіш өте аз, себебі олардың саны 800-ден сәл асады. Яғни, электромобильдер отандық автотұрақтардың 0,02% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.