Қазақстанда қанша қала бар

Фото: stat.gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие. Оның ішінде 39 қала – облыстық маңызы бар, 48 қала – аудандық маңызы бар, ал 3 қала – республикалық маңызы бар қалалар санатына жатады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. 

Өңірлер бөлінісінде қалалардың ең көп саны Ақмола облысында – 11 бірлік. Сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – әрқайсысында 8 қаладан бар. 

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында 195 аудан, 29 кент, 2 157 ауылдық округ және 6 096 ауыл тіркелген. 

Республика бойынша аудандардың ең көп саны Ақмола облысында – 17 бірлік, кенттердің ең көбі Қарағанды облысында – 8 бірлік. Ауылдардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 794 бірлік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан қалаларында бухгалтер қызметінің құны қанша екенін жазғанбыз.