ҚР Кәсіпқой бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Болат Манкенов қазіргі таңда елімізде қанша промоутерлік компания және кәсіпқой боксшы бар екенін айтты.
«2018 жылы кәсіпқой боксшылар саны Қазақстан бойынша, 115-ке жетті. Олардың барлығының лицензиялары бар және көптеген елдерде өнер көрсеткен. Отандық промоутерлік компаниялардың да саны артып, 9-ға жетті. ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының медициналық комиссиясын биыл Евгений Грапов басшылыққа алды. Ал вице-президент лауазымына бұрыншы боксшы, меценат, біздің индустрияны жақсы түсінетін Нұржан Бекшенов тағайындалды. Биылғы жылы біздің веб-сайтымыз да тұрақты жұмыс істейтін болады. Онда кәсіпқой боксшылар туралы көптеген мәліметтер жарияланатын болады»,-деді Б.Манкенов.