Қазақстанда қанша Олимпиада чемпионы бар

Фото: Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан спортшылары осыған дейін тәуелсіз ел ретінде 7 Жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынады. Енді Парижда өтетін ХХХІІІ жазғы ойындар сегізінші рет қатысқалы отыр.

Осы аталған Олимпиада ойындарында қанша қазақстандық спортшы жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді? Чемпиондарымыз кімдер? Kazinform тілшісі осы сұраққа жауап іздеп көрген еді. 

Қазақстандық Олимпиада чемпиондары:

Юрий Мельниченко 1972 жылы, 5 маусымда дүниеге келген. Грек-рим күресінен 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы.

Василий Жиров 1974 жылы, 4 сәуірде Балқаш қаласында дүниеге келген. Бокстан (81 келіге дейінгі) Атланта Олимпиадасының чемпионы.

Александр Парыгин 1973 жылы дүниеге келген. Бессайыстан Атланта Олимпиадасының жеңімпазы.

Бекзат Саттарханов 1980 жылдың 4 сәуірінде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының чемпионы. 2000 жылдың 31 желтоқсанында өмірден өткен.

Ольга Шишигина 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген. Жеңіл атлетикадан Сидней Олимпиадасының чемпионы.

Ермахан Ыбрайымов 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Боксшы 71 келі салмақта Сиднейде жеңімпаз атанды.

Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында дүниеге келген. 2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақта топ жарды.

Бақыт Сәрсекбаев 1981 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы.

Алла Важенина 1983 жылы 29 мамырда дүниеге келген. Ауыр атлетикадан Бейжің ойындарының жеңімпазы.

Серік Сәпиев 1983 жылдың 16 қарашасында Абай қаласында дүниеге келген. Бокстан 69 келі салмақта 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы.

Ольга Рыпакова 1984 жылы, қарашаның 30-ында Өскемен қаласында дүниеге келген. Жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен Олимпиаданың алтын медаль иегері.

Александр Винокуров 1973 жылы, 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Велошабандоз. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарында бас жүлдені жеңіп алған.

Данияр Елеусінов 1991 жылы, 13 наурызда Қазталов ауданында дүниеге келген. Боксшы. 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Дмитрий Баландин 1995 жылдың 4 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген. Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI Олимпиада ойындарында 200 метр браспен Қазақстанға жүзуден тұңғыш алтын медаль алып берген спортшы.

Ниджат Рагимов 1993 жылы, 13 тамызда дүниеге келген зілтемірші. 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Өкінішке қарай, соңғы Токио Олимпиадасында қазақ спортшыларының жолы болмады. Бірде-бір отандастарымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көріне алмады.