Қазіргі таңда еліміздің мектептерінде 420 мыңға жуық педагог қызмет етеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда 104 мыңнан астам маман, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 42 мыңға жуық педагог жұмыс істейді.
Білім беру ұйымдарының барлық деңгейінде әйел мамандардың үлесі басым.
Педагогтер арасында еңбек өтілі жоғары мамандар да аз емес. Мектептерде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады. Ал 73 мыңнан астам мұғалім білім беру саласында 20 жылдан 30 жылға дейін еңбек етіп келеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 5 мыңнан астам, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 4 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан жоғары.
Бұл деректер білім беру саласында тәжірибелі мамандардың елеулі үлесі бар екенін көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейін ел мектептерінде 5000-нан астам мұғалім жетіспейтінін хабарлаған едік.