Қазақстанда қанша театр бар

Қалаларда 73 театр жұмыс істейді, оның ішінде 39 драма, 11 қуыршақ, 7 – жас көрермен театры, 4 музыкалық комедия, 4 опера және балет театры. Сегізі басқа жанрда, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Фото: Pixabay

Мемлекетке 57 театр тиесілі.

16 театр жеке меншікте, оның 14-ін жеке кәсіпкерлер жүргізеді.

Театр саны бойынша бірінші орынды дәстүрлі түрде Алматы алып отыр – 23 театр.

Екінші орында Астана – 9, одан кейін Шымкент – 6 театр.

2022 жылы республика театрлары 15,3 мың іс-шара өткізді, оның 8,3 мыңы – балаларға арналған іс-шаралар.

Өткен жылы әртістердің ойынын тамашалауға 2,1 млн көрермен барды. Ал ең көп келушілер Алматы (726,4 мың адам), Астана (461,3 мың адам) және Қарағанды облысының (272,1 мың адам) театрларында болды.