Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандарға тегін дәрі-дәрмектер тамызда жеткізіле бастайды
Қант диабетінің диагностикасына және еміне арналған бұл препараттар оларға шекті сатып алу бағаларының өзгеруінің арқасында сатып алынды. Халыққа тегін дәрі-дәрмек сатып алу бойынша «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының басқарма төрағасы Максим Касаткиннің айтуынша, бұл препараттарға баға бағамның өзгеруі және құнсыздану көрсеткіштерінен кейін де өзгеріссіз қалған, бұл жылы өндірушілерге мұндай талаптармен тендерлік рәсімдерге қатысу тиімсіз болып қалды. «Бірыңғай дистрибьютор өткен жылдың жазынан бастап бірнеше рет осы препараттарды сатып алуға тендер жариялады. Бірақ, өкінішке орай, өнім берушілердің ешқайсысы әлі өтінім бермеді. Сондықтан жақын уақытқа дейін бізге бұл дәрі-дәрмектерді сатып алудың және біздің емделушілерді қамтамасыз етудің сәті келмеді», - деп түсіндірді «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы.
«Осы сырқаттардың әлеуметтік маңыздылығын ескеріле отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 11 мамырдағы бұйрығымен, қазақстандықтарды оларға аса қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін, бұл препараттарға шекті сатып алу бағаларын өзгерту туралы шешім қабылданды», - деп қосты Максим Касаткин.
Сатып алу бағасын арттыру бірыңғай дистрибьюторға барлық тендерлік рәсімдерді қолайлы өткізуге және дәрі-дәрмекті ауруханаға тамыз айында жеткізудің басталуын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Бірыңғай дистрибьютор басшысының айтуынша, дәрілік қамтамасыздандырудың үздіксіздігі үшін, заңнама жергілікті деңгейде дәрі-дәрмекті екі ай көлемінде сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан, мамыр айында препараттарға бағалардың өзгеруі басталған сәттен бастап, Бірыңғай дистрибьютормен жеткізудің жаңаруына дейін, науқастарды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек көлемі облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен сатып алынды.
Енді мемлекетпен кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде қант диабетімен емделушілер, бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы жақын арада тест-жолақтар және Лантус® - әсері ұзартылған инсулин гларгин препаратын ала бастайды. Ал шашыранды склерозы бар науқастар үшін ауруханаларға көп ұзамай Бетаферон препараты түседі. Жыл соңына дейін ел ауруханаларына 400 мың инсулин гларгинімен шприц-қалам және шамамен 30 мың бетаферон құтыларын жеткізу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 31 мамырда ҚР Диабеттік қауымдастығы (ҚРДҚ) қант диабетімен ауыратын науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде инсулин гларгиннің жеткізу проблемасына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатының өткізілу сәтінде-ақ Бірыңғай дистрибьютормен препаратты қайта қаралған бағада сатып алу бойынша байқау жарияланған болатын.