Қайта сатылатын абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрі мамыр айында орташа 192 201 теңге (сәуір айымен салыстырғанда 0,4%, 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,9%, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7% өскен), абаттандырылмаған баспана құны 119 704 теңге (+0,3%, +1,2% және +2,9%) болды.
Жалға берілетін абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрінің бағасы өткен айда орташа 1 431 теңгені құрады (0, +2,2% және +7,5%).