Қазақстанда қаңтар-сәуір айларында бензин өндірісі 10,4 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында бензин өндірісі 1121,6 мың тоннаға жетіп, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10,4 пайызға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есеп берілген кезеңде Қазақстанда 82,6 мың тоннна керосин өндірілген. Нақтырақ айтқанда, бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-сәуір айларына қарағанда 49,6 пайызға артық. Сонымен бірге, 812,6 мың тонна ( 6 пайыз) төмендетілген пропан мен бутан шығарылған.

«Сонда-ақ, осы аралықта 1419,7 мың тонна (-0,3 пайыз) газойль, 1108,2 мың тонна ( 12,5 пайыз) мазут, 662 мың тонна ( 2,4 пайыз) ферроқорытпа, 1013,4 мың тонна ( 11,9 пайыз) тегіс прокат, 51,5 мың тонна ( 5,6 пайыз) тазартылған қорғасын, 109,8 мың тонна (-7,8 пайыз) мырыш, 137,3 мың тонна (-0,6 пайыз) тазартылған мыс өндірілген», - делінген хабарламада.