Есептік кезеңде: 8,971 млн тонна газ конденсаты (өндірудің 12,1%-ға артуы), 35,068 млрд текше метр (+16,2%) - табиғи газ, 69,984 млн тонна - көмір (+15,1%), 26,014 млн тонна (+11,4%) - темір кені, 65,553 млн тонна (+30,8%) - мыс кені, 12,338 млн тонна (+0,9%) - алтыны бар кендер, 3,027 млн тонна (+11,3%) - хром концентраты өндірілген.
11:59, 13 Қыркүйек 2017
Қазақстанда қаңтар-тамыз аралығында 48 млн тонна мұнай өндірген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 48,001 млн тонна мұнай өндірген, бұл 2016 жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 12,2%-ға жоғары, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Статистика комитетіне сілтеме жасап.