Қазақстанда карантинді бұзған 4 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда карантинді бұзған 4 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Президентіне дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың жолын кесу және карантин шараларын бұзу фактілері туралы баяндады. Кеңесте Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев есеп беріп, ІІМ денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,18 мыңнан астам рейд жүргізгені туралы айтып өтті,

Көрсетілген кезеңде барлығы 4000-нан астам карантинді бұзушы анықталып, шара қолданылған. Атап айтқанда мұндай жағдай Алматы қаласында, Ақмола, Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында көп тіркелді.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес мәселелері жөнінде өткен селекторлық кеңесте құқық қорғау, денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдар дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтарды сату бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауда және оның жолын кесуде тұрақты түрде ведомствоаралық жұмыс жүргізу қажеттігін баса айтты.