Қазақстанда карантиннің алғашқы жеңілдігінен кейін қандай шектеулер күшінде қала береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантиннің алғашқы жеңілдігі – көшеге жаппай шыға беруге болады дегенді білдірмейді. «Хабар 24» арнасында өткен онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 сәуірден елордада жұмысы жанданатын кәсіпорындарды атай келе министр бір мәселеге назар аудару керектігін ескертті. Карантиннің алғашқы жеңілдігі – көшеге жаппай шыға беруге болады дегенді білдірмейді. Жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Өкінішке қарай, ауру әлі жеңілген жоқ», - деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуына қарағанда қазір Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал бақылауда тұр.

«Жаңадан жұқтырып алу жағдайы әлі күнге дейін тіркелуде. Аурудың шарықтау шегіне жеткен жоқпыз. Сол себепті өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаңыздар», - деді Дәурен Абаев.