Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
«Кейінгі 11 жылда кардиохирургиялық оталар саны 23 есеге, оның ішінде балаларға жасалған операциялардың саны 4 есеге артты. 2012 жылдың қорытындысы бойынша емдеудің заманауи әдістерін тәжірибеде қолданудың арқасында балалардың өмірін сақтау 93,2 пайызды құрады», - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар С.Қайырбекованың атап өтуінше, министрлік деңгейінде жүкті және босанған әйелдердің қауіпті жағдайларының күнделікті мониторингі жүргізіледі. Кейінгі 3 жылда акушерлік салада қауіпті жағдайлардың 25 пайызға төмендегені байқалады. «Мұндай үрдіс осы жылдың бірінші жартыжылдығында да сақталуда», - деді ол.