2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша, кардиологиялық қызметке қажеттілік 4 014 маманды құрағанымен, іс жүзінде 661 маман ғана жұмыс істейді. Медициналық жабдықтардың тозу деңгейі шамамен 40 пайызға жеткен. Ал амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету қажеттіліктің 40–50 пайызын ғана өтейді.
Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Данбаева осы мәселелерді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жолдаған депутаттық сауалында көтерді.
— Бағдарламада саланы қағаз жүзіндегі есеппен емес, науқастың нақты денсаулығымен бағалайтын адамға бағдарланған модельге көшу міндеті айқындалған, — деді депутат.
Осы ретте Құрылтай депутаты ерте диагностиканы жетілдіруді, дәрігерлерді қайта даярлауды, кардиореабилитацияны дамытуды және пациенттердің жағдайын қашықтан бақылау жүйесін енгізуді ұсынды.