«Қазақстандық интервенциялық кардиологтар және рентгенхирургтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің І съезі өтеді. Мұндай деңгейдегі шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылмақ, деп хабарлады «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Съезге қатысушылар еліміздегі интервенциялық кардиологияның дамуына қатысты өзекті тақырыптарды, қан тамыры хирургиясының проблемаларын, сонымен қатар заманауи емдеу тәсілдерін жан-жақты талқыға салады. Оның жұмысына Қазақстанның танымал кардиологтары мен хирургтары және халықаралық мамандар қатысады.