Елбасының айтуынша, тіпті көптеген елдердің даму қарқынын бәсеңдеткен әлемдік дағдарыс жағдайында да, Қазақстанның экономикасы оң серпінін жоғалтқан жоқ. «Қазір елімізде қуатты экономикалық өсім қалпына келді. Бәсекеге қабілетті кәсіпорындар ашылуда, жаңа жұмыс орындары құрылуда», - деп атап түйіндеді өз сөзін Елбасы.
«Мемлекетіміздің әлеуметтік сипаты жөніндегі конституциялық ұстаным жаһандық дағдарыс салдарымен күрестің қивын кезеңінде барынша көрініс тапсты. Ең бастысы - адамдарға көмек берілді», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.