Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 31,1 қариядан келеді.
— Ал, өңірлерде ең жоғары деңгей Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген — 78,1, одан кейін Шығыс Қазақстан (76) және Қостанай облыстары (66,4). Қартаю индексінің ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау облысында, онда 100 балаға 65 жастан асқан 15,2 қарттан келеді, — делінген хабарламада.
Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында (15,9) сондай-ақ Шымкент қаласында (16,1) тіркелген. Айта кетейік, қалалық жерлерде қартаю индексі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары — тиісінше 33,4 және 27,5.
— Қартаю индексі — 100 балаға шаққанда егде жастағы адамдар санын сипаттайтын халықтың жас құрамының көрсеткіші. Ол 65 жастан асқан халық санының 0-14 жас аралығындағы халық санына қатынасы ретінде есептеледі, — деп хабарлады бюродан.
Бұған дейін хабарланғандай, 5 жылда елімізде ажырасу саны 7,5 мыңға төмендеді.