«Бізде тамақтандыруды ұйымдастырумен аутсорсинг айналысады. Біз мұнымен айналысатын кәсіби компаниядан қызмет сатып аламыз.Соның арқасында армия өзіне тән емес қызметтерден босатылып отыр. Бүгінде армия асханаға кезекшілікке бармайды, ыдыс-аяқ жуып, қазан тазаламайды. Бұрынғыдай күз кезінде көкөніс сұрыптап, көкөніс пен жеміс-жидек жинамайды», - деді ол.
Оның түсіндіруінше, армияны тамақтандырумен шаруашылық үй-жайы, қосалқы шаруашылығы, дайындаушы қызметі бар жеке компания айналысады.
«Аталған компанияға мынадай критерийлер қойылады: техникалық мүмкіншілігі, кадрлық әлеуеті, тамақты қауіпсіздік дайындауды, таратуды және сақтауды қамтамасыз ететін білікті қызметкерлерінің болуы. Бұған қоса, қызметкерлерінде тиісті сертификаттары болуы қажет», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Сонымен қатар ол бүгінүі күні Қарулы күштердің азық-түлік себеті құнын арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
«Себебі өздеріңіз де соңғы жылдары азық-түлік себетінің өскенін білесіздер», - деді Бақыт Құрманбаев.
Спикердің дерегінше, қазіргі уақытта сарбаздарды тамақтандыруға жыл сайын 10 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады.