«Егер де статистикаға сүйенсек, бүгінде бізде 1 млн. 656 мыңға тарта кәсіпорын басшылары бар. Оның ішінде 656 216-сы әйелдер, яғни жалпы санның ішінде 39 пайызды құрап отыр. Астана мен Алматы қалаларында бұл көрсеткіш 50 пайыздан асты. Яғни, елімізде бизнеске нәзік жандылар белсенді тартылуда», - деді Л. Рамазанова.
Оның сөзіне қарағанда, осы мақсат үшін Қазақстанның көптеген өңірінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арнайы курстар мен тренингтер жүргізілуде.
«Әйелдерге өзінің ісін бастау үшін әрдайым көмек пен қолдау керек. Оларға қаржылық көмектен бөлек, ішкі күш-жігерін қолдау қажет. Осы ішкі жігеріне арнайы семинарлар мен дәрістер елеулі күш береді. Бұл бағытта біз аудандарда және ауылдық жерлерде белсенді жұмыстар жүргізудеміз», - дейді Л. Рамазанова.