Қазақстанда кәсіпорындардың қызметкерлерге қарызы 1 млрд. теңгеге жетіп отыр

None
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәсіпорындардың қызметкерлерге қарызы 1 млрд. теңгеге жетіп отыр. Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Жалақы бойынша берешек 1 қазандағы жағдай бойынша 1 млрд. теңгені құрайды. Оларды заңды жолмен адамдарға ақша төлеуге мәжбүрлеу қажет», - деді Елбасы.