Оның айтуынша, 2025 жылғы Ұлттық баяндама сот жүйесіндегі кадр саясатының жаңа сапалық деңгейге өткенін айқын көрсетеді.
— Өткен жылдың негізгі басымдығы — судьялардың тәуелсіздігін нығайту және кадрлық құрамды сапалы жаңарту болды, — деді Жанат Оспанова.
Сот жүйесіндегі маңызды өзгерістердің бірі — кассациялық соттардың құрылуы.
— 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Астана қаласында үш дербес өңіраралық кассациялық сот жұмысын бастады. Бұл сот жүйесінің жаңа құрылымының толық қалыптасқанын білдіреді, — деді ол.
Аталған өзгерістер тәжірибелі әрі кәсіби мамандарды іріктеу мен бағалаудың жаңа тәсілдерін енгізуді талап етті. Соның нәтижесінде Жоғары Сот Кеңесінің рөлі күшейіп, судья кадрларын басқарудың бірыңғай орталығы ретінде қалыптасты.
Айта кетейік, бұған дейін сот жүйесін реформалау сот төрелігінің тиімділігін арттыруға, ашықтықты күшейтуге және цифрлық технологияларды енгізуге бағытталғаны айтылған болатын.