Қазақстанда қатты аязға байланысты 3 облыста жолдар жабылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты еліміздің 3 облысындағы автожолдарға шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазавтожол» ҰК» АҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қатты аяз) дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін барлық бағыттар жабық.

Ақмол облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қатты аяз) дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін Астана қаласы мен Павлодар облысы аумағы арасындағы жол бағыттары (16-205 км) жабық;

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қатты аяз) сағат 16.00-ден бастап  дизельмен жүретін қоғамдық көліктер үшін Семей қаласы мен Павлодар облысы аумағы арасындағы жол бағыттары (577-733км) жабық;

Соңғы жаңалықтар