«Денсаулық тұрғысынан негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Алматыда орташа өмір сүру ұзақтығы республика бойынша рекордты көрсеткіш - 76 жас. Онкологиялық аурулардан болатын өлім азайған. Туберкулезден болатын өлім - 8%-ға, жалпы өлім көрсеткіші - 1,6%-ға төмендеген», - деді Әсел Бисенбаева.
Оның айтуынша, республика бойынша орташа өмір сүру ұзақтығы - 73 жас.
«2018 жылы денсаулық сақтау саласына 165 жас маман тартылған. Одан бөлек, орта медициналық оқу орнын бітірген 309 түлек жұмысқа орналасты», - деді ол.