Қазақстанда қайтадан күн суытады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Ресейдің Еуропалық бөлігінен Жайыққа атмосфералық ағындар әкелген циклон өтіп барады, соған байланысты республиканың солтүстік бөлігінде қайтадан қолайсыз күрделі метеорологиялық құбылыстар күтіліп отыр: жауын-шашын, көктайғақ, кей жерлерде бұрқасын, батыстан екпінді жел соғады», - делінген хабарламада.

Ал циклонның артынан келетін арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан кезекті суық антициклон Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында күннің суытуына себепші болады.

Соңғы жаңалықтар