«Осы саланың заңнамалық базасын біршама бекіту жоспарлануда. Ол үшін бірқатар заң жобалары жасалды. Оның ішінде «Мәдениет туралы», Археологиялық мұралар туралы», «Туристік қызмет туралы», «Қайырымдылық туралы» және тағы басқалары», - деп атап өтті А.Мұхамедиұлы.
Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар мәдени саясат, дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасына, Ұлттық мерейтойлар күнтізбесін құру тұжырымдамасына, Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасына, сонымен қатар тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енеді.