"Қыркүйек айында мен Астанада Драгункин орталығын ашпақпын. Онда қазақ тілін үйренгісі келетіндер өзім жасап шығарған жаңа әдістеме бойынша тілді аз ғана уақыт ішінде үйренуге мүмкіндік алады. Менің әдістемем оңай әрі қайталанбас жаңашылдығымен ерекшеленеді. Негізі қазақ тілі жеңіл тіл. Дегенмен оның да өз қиындықтары бар. Мен сол қиындықтарды оңай еңсерудің жолын таптым және әдістемемді соның негізінде құрдым", - деді ол.
Айта кетейік, бұрын А. Драгункин ағылшын және қытай тілдерін үйрену әдістемелерін жасап, олар көпшіліктің қызығушылығына ие болған. Оларды қазір әлемнің 28 елінде пайдаланады.
Александр Драгункиннің осы саладағы тәжірибесі 16 жылға жуық. Бұл уақыт аралығында ол 30 шақты кітап жазып, 10 мыңнан астам адамның қолдауын тапқан.
Айта кетейік, ғалымның өзі әзірге қазақша білмейді. Дегенмен ол қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы бар екенін жасырмады.