«Біз барлығын ретімен жасап жатырмыз ғой. Азиада ойындарын өткіздік, енді Универсиада, ал одан кейін Олимпиада межесі бар. Сол сияқты бессайыста да Азия чемпионатынан бастап, кейін Әлем кубогы кезеңдері, сонан соң Әлем чемпионаты деп осылай сатылап өткізуге біздің жағдайымыз бар», - деді ол.
Бүгінде еліміз көптеген спорт түрінен ірі сайыстарды өткізуге қауқарлы екеніне тоқталған Е. Қанағатов: «Бастысы - бессайыс бойынша Азия чемпионатын тиісті деңгейде өткізу. Жақсы спортшыларды даярлауды жалғастыру керек. Яғни, бұл бағытта елімізде Әлем чемпионатын өткізу үшін жақсы нәтиже болу керек», - деді.
Айта кетейік, 26 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Астана қаласында алғаш рет қазіргі бессайыстан Азия чемпионаты өтеді.