Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Кейбір препараттар тізімнен шығарылады, өйткені өлімге және мүгедектікке әкелуге әсер етпейді.
Өзге препараттарды эпидемиологиялық деректердің болмауына және оларға қажеттілікті есептеу мүмкін еместігіне байланысты алып тастау жөнінде шешім қабылданған.
Осылайша тізімнен 32 дертке тағайындалған препараттар алынады.
Олардың қатарында асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы, пневмония, синусит, кератит, эндометриоз, несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары және өзге де аурулар бар.
Тізімнен шығарылатын препараттарға омепразол, амоксициллин, кларитромицин, метронидазол, карбамазепин, преднизолон, хлоропирамин жатады.
Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасы 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.