Қазақстанда ҚХР және басқа да елдерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 7 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 72 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 16 адам; 2-санат бойынша – 31 адам; 3-санат бойынша – 25 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 72 адамның ішінен 26 адам шығарылды.

Жалпы, 3 мың 676 адам мониторингпен қамтылды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 763, 1 «б» санаты бойынша – 216, 2 санат бойынша 2 697 адам медициналық бақылауда болды.

Жалпы әлемде коронавирус инфекциясына шалдығудың 21 181 оқиғасы тіркелді. Ал Қытайда 80 819 короновирус жағдайы белгілі болды. Емделіп шыққан адамдар саны 55 477-ге жетті. Стационарларда 22 263 адам ем-дом шараларымен қамтылған.

«Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы заттар бар. Инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар жасақталған, сондай-ақ дәрігерлік және орта медициналық персонал дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет», - делінген ведомство хабарламасында.