Қазақстанда киік санағын әуеден дрон көмегімен жүргізеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы маңында киіктер санағын жүргізетін ұшқышсыз ұшатын қондырғы сынақтан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Каспий Құбыр консориумына» сілтеме жасап.

ҚР Экология, геологияжәне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің есебінше, бүгіндеҚазақстан аумағында қалған киіктер саны 334 мыңның шамасында.

«Соңғы кездебраконьерлермен белсенді күрес жүргізіліп келетінін білесіздер. Киік басы санынсақтап қалу күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Таяуда «Каспий ҚұбырКонсорциумы» киіктерге тағатын спутникті 30 қарғыбау тарту етті. Мұндайқарғыбаудың көмегімен киіктер қозғалатын жол бағытын біліп отыруға болады.Соңғы кезде орман қорына да шабуыл жасалып келеді. Сондықтан, жаңатехнологиялардың көмегімен қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейту керек», -дейді Мағзұм Мырзағалиев.

«Каспий ҚұбырКонсорциумы» бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин алдағы уақыттабизнес пен мемлекеттің серіктестігі аясында экологиялық бағдарламаларын әлі дежалғасатынын жеткізді.

«Қазақстанда 30-40жыл бұрын киік саны 2 миллионнан асатын. Бүгінде олардың саны күрт төмендепкетті. Ал кейбір көрші мемлекеттерде дала жануары мүлдем жойылып кетті.Сондықтан, біз осы жануарлар қорын аман алып қалу үшін шамамыз келгенше көмеккөрсетеміз», - дейді ҚайыргелдіҚабылдин.

Оның пайымынша,жануарлар қорын сақтап қалуға ғалымдар мен эколог мамандар, бизнес субъектеріде атсалысуы қажет.

Айта кетейік, бүгінсыналған дрондар шет мемлекеттерде, әсіресе, көршілес Ресейде кеңіненқолданылып келеді. Қанатының ұзындығы 3 метрден асатын қондырғының салмағы 12келі. Аппарат аспанда 4,5 сағатқа жық уақыт қалықтайды. Шамамен 100 шақырымалқаптағы көріністі фото-видеоға түсіре алады.




Соңғы жаңалықтар