Қазақстанда киік саны артуда - ҚР АШМ

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Соңғы 2 жылдың ішінде киіктер саны 51 мың басқа өсті, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, соңғы санақ мәліметтеріне сәйкес, киіктер саны  ағымдағы жылы 137,5 мыңды құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 34,8 пайыз өсім көрсеткен.

«Өлім-жітімін (ағымдағы жылдың 19-24 мамыр аралығында Қостанай облысының Жангелді ауданында пастереллезден 925 бас киік өлді) есепке алғанда республика аумағында қазіргі уақытта 136,57 мың бас киік бар», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл жануардың әлемдік таралымының 90 пайызы тіршілік етеді.