Қазақстанда киіктердің көбею үдерісіне мониторинг дронның көмегімен жүргізіледі

Фото: None
ҚАБАНБАЙ. ҚазАқпарат – Қазақстанда киіктердің популяциясына мониторинг дронның көмегімен жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысының Қабанбай ауылында бүгін «К-Каспий құбыр желісіконсорциумы» АҚ-ның ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігініңведомостволық құрылымдарына сыйға тартқан Supercam S350 ұшқышсыз ұшатын аппаратының таныстырылымыөтті.

«Дрон 4,5 сағат бойы үздіксіз ұша алады және оның көмегімен киіктердіңтаралуына жүргізілетін мониторинг аумағы кеңейе түспек. Аппарат фото жәневидеотүсірілім жасап, 90 км ара қашықтықта мәліметтер жібере алады»,-депхабарлады өзінің Facebook-тегі парақшасында министрліктің баспасөз хатшысыСамал Ибраева.

Аталмыш шараға қатысқан Экология, геология және табиғи ресурстарминистрі КТК-К компаниясына өте қажетті дүниені сыйға тартқаны үшін алғысынбілдірді. Аппарат киіктердің таралу деңгейін анықтау жұмыстарына серпін беріп,өте кең ауқымға мониторинг жүргізуге эағдай жасайды.

Әуеден жүргізілген есеп бойынша 2019 жылдың бірінші тоқсанындаҚазақстандағы киіктер саны 334 мың басты құрап, өсім 56% жетті.

Соңғы жаңалықтар