Киік — Қазақстан даласының ежелгі тұрғындарының бірі. Бүгін әлемдегі киіктердің 98%-дан астамы Қазақстанда мекендейді.
— Мамыр айының басында Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларының мекендеу аумақтарында киіктердің төлдеу кезеңі басталды. Осы кезеңде «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары төлдеу жаппай жүріп жатқан жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды, — делінген комитет таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Ақтөбеде киік таптаған алқаптың нақты көлемі анықталғанын жазғанбыз.