«Әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының қызметшілерінің жалақысын көтеруге 33,1 млрд теңге көзделген. Қол жеткiзiлген екіжақты және ратификацияланған келiсiмге сәйкес, Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсетуге 14,1 млрд теңге қарастырылған», - деді ол.
Сонымен қатар, министр "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымына нысаналы салымды ұлғайтуға 22,2 млрд теңге, көрмеден кейінгі іс-шараларды өткізуге және ЭКСПО аумағында офистер дайындауға 20 млрд теңге сомасында қаражат көзделгенін атап өтті.
Жалпы, Сұлтановтың дерегіне сәйкес, 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған түсімдері 9 691,5 млрд теңгені немесе ЖІӨ-ге 18,7 пайыз құрайды. Оның ішінде мұнайлық емес түсімдер жоспарға қарағанда 77,9 млрд теңгеге өсіп, 4 497,2 млрд теңге, мұнай түсімдері жоспарға қарағанда 14,9 млрд теңгеге төмендеп, 5 194,2 млрд теңге болады.
«Республикалық бюджеттің шығыстары 2017 жылы 11 191,5 млрд теңгені құрайды, ол нақтыланған жоспардан 15,1 млрд. теңгеге көп», - деді ол.