Қаржы министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, активтер мен міндеттемелер туралы декларация 2021 жылдан бастап есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл сайын ұсынылады. Яғни:
жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.