«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, қыркүйекте республиканың көптеген облысында ауа-райы салқын және жаңбырлы болады деп күтіліп отыр. Қыркүйектің басында елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталмақ.
Елдің солтүстік өңірінде жауын-шашын бір ай ішінде жиі жаумақ. Арасында 1-3 күн қысқа үзілістер болады. Кейбір күндері республика бойынша найзағай, бұршақ және екпінді желмен қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы төмендегідей болмақ:
елдің батысында түнде 8 15°С, күндіз 23 30°С шегінде;
республиканың оңтүстік-батысында түнде 17 25°С, күндіз 28 35°С, тек жекелеген күндері – температураның шамалы төмендеуі тіркеледі;
Ақтөбе облысында ауа температурасының түнде 3 10°С-тан 10 15°С-қа дейін, күндіз 17 25°С-тан 22 27°С-қа дейін ауытқуы күтіледі;
Қостанай облысында түнде 2 7°С-тан, топырақта 8 дейін аяз болуы мүмкін13°С, күндіз 10 18°С-тан 17 25°С-қа дейін.
Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде түнде 2 10°С дейін суытады, бірақ топырақта 2°, күндіз 8 15°С дейін аяз болуы мүмкін, онкүндіктің соңында температуралық фонның шамалы көтерілуі күтіледі.
Республиканың шығысында ауа температурасының түнде 8 16°С-тан 2 7°С-қа дейін ауытқуы күтіледі, онкүндіктің екінші жартысында аяз болуы мүмкін, күндіз 12 23°С-тан 17 25°С-қа дейін;
елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз 22 30°С-тан 17 23°С-қа дейін ауытқуы болжанып отыр.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндіктерінде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 3 8°С құрайды, жекелеген аудандарда аяз байқалуы мүмкін, күндіз температура 12 19°С-тан 21 26°С-қа дейін өзгереді;
Елдің батысында және оңтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде 7 15°С, айдың екінші жартысында топырақ бетінде аяз болуы мүмкін, күндіз ауа температурасының 25 35°Сдо 15 23°С ауытқуы күтіледі.
Қыркүйектің үшінші онкүндігінде солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
Бұл консультативтік болжам деп саналады, оған нақтылау онкүндік және апталық болжамдар шығарылатынын атап өткен жөн.