Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомство мәліметінше, ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға тарыға 5,8%, сұлыға - 4,2%, күрішке - 2,3%, бидайға - 1,2%, арпаға - 0,6% өсті, ал қарақұмыққа 9,6%, қара бидайға - 1,4%, жүгеріге - 0,1% төмендеді.
Жабық топырақтың қиярлары 30%, жабық топырақтың қызанақтары - 15,7%, басты пияз және асханалық сәбіз - 6,1%, картоп - 3,9%, асханалық қызылша - 2,7% арзандады, ал қырыққабат 2%- қымбаттады. Баға кептірілген бұршаққа 10,1% төмендеді, ал күнбағыс тұқымына 0,3%, соя бұршақтарына - 0,1% өсті.
Баға құс етіне 11,2%, ірі қара мал етіне - 2,4%, жылқы етіне - 2%, қой етіне - 1,2%, шошқа етіне - 0,8%-ға өсті. Шикі сүт 1,8% қымбаттады, ал жұмыртқа 19% арзандады.