Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
Министрдің айтуынша, 20 ғасырдың соңына қарай Тян-Шань тауларындағы мұздақтардың ауданы 25-35 пайызға азайған. «Жағдай дәл осындай жолмен өрши берсе, 2050 жылға қарай мұздақтардың басым бөлігі еріп кетуі мүмкін. Бұл жағдай ауыл шаруашылығын, өнеркәсіптерді сумен қаматамасыз етуге айтарлықтай қатер тудырады. Бүгіндері Қазақстандағы су тапшылығы 20 пайызды құрап отыр. Болашақта тұтынудың артуы мен ауа райының өзгеріс салдарынан ондай тапшылық ұлғая түсуі мүмкін»,- деді Н. Қаппаров.
Сөз арасында табиғатты қорғау ведомствосының басшысы елімізде су үнемдеудің үлкен мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.
Мәселен, оның айтуынша, еліміздің коммуналдық саласында су үнемдеудің әлеуетін 50 пайызға дейін арттыруға болады.