Қазақстанда қолда бар автокөліктер саны 4 млн. 81,9 мың бірлікке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика сайтының хабарлауына қарағанда 2015 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында 63 741 жеңіл автомобиль тіркелді.

Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 51,7 пайызға жоғары. Сонымен қатар, комитеттің мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі жеңіл автокөліктің қолда бары 4 081,9 мың бірлікті құрап отыр.

«2015 жылдың қаңтар айында тіркелген жеңіл автокөліктердің ең көбі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі - 8397 бірлікті құрайды. Бұдан кейінгі орында Алматы қаласында 7950 бірлік көлік тіркелсе, Алматы облысында тіркелген көлік 7195-ке жетті», - делінген баспасөз баянында.

Ал жеңіл автокөліктер ең аз тіркелген аймақ Қызылорда облысы - 1730 бірлікті құрады.