Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылдың қаңтар-қараша аралығында елімізде 637 мың 257 бірлік автокөлік тіркелсе, соның 606 мың 827-і жеке тұлғалардың, 30 430-ы заңды тұлғалардың еншісіне тиіп отыр. Есепті кезеңде тіркелген автокөліктердың ең көбі Оңтүстік Қазақстан (82 983 бірлік), Алматы (80 803 бірлік) облыстары және Алматы қаласына (78 мың 740 бірлік) тиесілі. Шығу жылдарына келсек, осы кезең ішінде тіркелген жеңіл автокөліктердің басым бөлігі (383 363 бірлік) 10 жылдан асқан. Бұл ретте тіркелген жеңіл автокөліктердің 142 мың 372 бірлігінің қолданысқа енгеніне 3 жыл толмаған.