Қазақстанда қолдан ішімдік жасайтын 25 цехтың көзі жойылды
Бұл ретте алкоголь нарығына қатысушылар алкоголь өнімдерін реттеу саласындағы заңнаманың нормаларын бұзғаны анықталған болатын (алкоголь өнімдерін рұқсат құжатынсыз және ілеспе жүкқұжатсыз, бекітілген бақылау маркасыз сату).
Заңсыз алкоголь өнімдердің 23,6% шекарадан өту кезінде және 76,4% алкоголь өнімдерін сату объектілерінде анықталды.
Сонымен бірге, Қырғызстанмен шекарада 23,8 мың литр мөлшеріндегі этил спирті және 14,5 мың литр арақ әкелудің жолы кесілді.
Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цех таратылды: Алматы қаласы – 11, Алматы облысы – 4, Шымкент қаласы - 3, Түркістан облысы – 2, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Жамбыл облыстарында – 1.