Биыл алғашқы тоқсанда Қазақстанға 3697 дана автомобиль әкелінді. Бұл 2016 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 4% ғана жоғары (3544 дана).
Қазақстанға шетелдік автомобильдер импорттау деңгейі бәсеңдеп, отандық автоөнеркәсіптегі шығарылым қарқыны ұлғайып келеді - 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде 3095 дана жеңіл авто шығарылған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 7,2 есеге көп (428 дана).
2015 жылдың сәуір айында Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктерді алғысы келген жеке тұлғаларды жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы іске қосылды. Қазақстан Даму банкі отандық өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында екінші деңгейлі банктерге 2 транш бөлді.
Жеңілдікпен несиелеуге транштарды игеру бойынша көш басында Еуралиялық банк тұр, 2017 жылдың 13 сәуіріне дейін 9,11 млрд теңге сомасына займдер берілді. Одан кейінгі орында Сбербанк - 7,88 млрд теңге және үштікті Халық банк түйіндейді - 6,86 млрд теңге. Берілген займдердің жалпы саны 8,67 мыңды, жалпы сомасы 32,75 млрд теңгені құраған.
Екінші деңгейлі банктер үшін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша несиелеу тәртібі бірдей. Автомобильді сақтандыру және кепілге рәсімдеу шығындарын қосқанда 1 автомобиль құны 15 миллион теңгеден аспауы керек, кредиттеу мерзімі - 7 жылға дейін, номиналды сыйақы мөлшерлемесі - 4 % дейін, тиімді ставка 7,5% аспауы шарт.