«Биыл «Өзен - Түркіменстан мемлекеттік шекарасы» «Жетіген -Қорғас» темір жолдарын салуды аяқтадық. Президент тапсырмасына сәйкес «Бейнеу-Жезқазған», «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолдарының құрылысы басталды»,- деді А.Жұмағалиев.
Жалпы, 2012 жыл теміржол саласы үшін табысты жыл болды. Жобалық қуаттылығы жылына 150 вагон құрастыруға есептелген Тальго жолаушылар вагонын өндіретін зауыт, және жобалық қуаттылығы жылына 100 секция шығаруға есептелген электровоз зауыты пайдалануға берілді. Ал жоғарыда аталған жалпы ұзақтығы 1202 шақырымды құрайтын 2 темір жолдың құрылысына 13 мың адам тартылып, құрылыс жұмыстары аяқталысымен 3500 жұмыс орны ашылатын болады.
Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, елімізде көлік саласында қызмет көрсету стандарттары әзірленді. «Бұл құжаттарда әуежайда, авто және темір жол вокзалдарында пойыз, автобус, ұшақта жолаушыларға қызмет көрсететін нақты критерийлер толық көрсетілген», - деді ол.